Жаңалықтар
1 мин оқу 820

Солтүстік өңірлерде күн қайта суытады

<p style="text-align: justify;">Елімізде алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады. &laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктері 29 сәуір мен 1 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың кей бөлігінде жауын-шашын болып, жел күшейеді. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбырдың соңы бұршаққа ұласып, найзағай ойнауы мүмкін.

«Сондай-ақ Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді. Солтүстік өңірлерде түнде 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді, күндіз 10-15 градус болады.

Ал оңтүстік өңірлерде түнде 7-15 градус, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Солтүстік өңірлерде күн қайта суытады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар