Елорда
1 мин оқу 326

Елордада жылыту маусымы 29 сәуірде аяқталады

<p style="text-align: justify;">Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымын аяқтау туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №249/36-V шешімімен бекітілген Астана қаласында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласында 2020-2021 жылы жылу беру маусымын 2021 жылғы 29 сәуірден бастап аяқтау;

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», делінген әкімдіктің қаулысында.

Бөлісу:
Елордада жылыту маусымы 29 сәуірде аяқталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар