Күрес
1 мин оқу 220
Бұрымды балундар әлемдік іріктеу сынына дайындалып жатыр
<p style="text-align: justify;">Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Ақмола облысында дайындықтарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
23 сәуір күні басталған оқу-жаттығу жиынына барлығы 14 бұрымды балуан қатысуға шақырту алған. Жоспар бойынша аталған жаттығу жиыны әлемдік іріктеу додасына дайындық болып саналады.
Нұрлан Аманқосов жетекшілік ететін ұлттық құрама спортшыларының жаттығуы 5 мамырға дейін жалғасады.
Айта кетерлігі, Олимпиадаға іріктеу турнирі Болгарияның София қаласында 6-8 мамыр күндері өтеді.
Бөлісу: