Экология
1 мин оқу 180

Тәулігіне 17 тонна қалдық өңделеді

<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласының іргесіндегі полигонда тәулігіне &ndash; 17, жылына 60 мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыпталып, қайта өңделеді. Өткен жылдың тамыз айында жұмысын бастаған кәсіпорында қазір 9 техника, 35 адам жұмыс істеп жатыр.</p>

Тәулігіне 17 тонна қалдық өңделеді

Полигон облыс орта­лы­ғының іргесіндегі Белкөл кентінен 7,5 шақырым қа­шықтықта орналасқан. Эко­логиялық-санитарлық та­лаптарға сәйкес қалдықтарды өңдеу үлесін арттыру ба­ғытында салынған кешен­дегі құрылғылар Ресейде жасалған. Қазір аумағы 20 гек­тарлық полигонға орта есеппен күніне 110 тонна қал­дық қабылданады.

Жуырда кешенге Қызыл­орда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев барып, атқарылып жатқан жұмыс барысын көр­ді. Полигонда осыған дейін 115 тонна пластмасса, шыны, қағаз, түсті металл қалдықтары сұрыпталып, тиісті кәсіпорындарға жө­нелтілген. Ең бастысы, кешен іске қосылғалы жи­­ылған қоқыстарды өртеу тоқтатылып, Белкөл кентіне жететін түтін иісі тыйылыпты.

Қала әкімі кешенге қоқыс жеткізетін «Қызылорда та­залығы» мекемесінің де жұ­мысын көрді. Серіктестік шта­тындағы жүмысшылар мен қоғамдық жұмыспен қамту арқылы келгендерді қос­қанда, мұнда 618 адам жұ­мыс істейді. Мекеме осы жұмысшылар мен 137 арнайы техника күшімен облыс орталығындағы 800-ден аса кө­шенің тазалығын сақтап отыр.

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Тәулігіне 17 тонна қалдық өңделеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар