Ғылым
2 мин оқу 220

Жас ғалымдарға жаңаша мүмкіндік

<p style="text-align: justify;">Ғылым &ndash; мемлекеттің мерейін асырып, қоғамды жарқын һәм жаңашыл арнаға жетелейтін бірден-бір күш екені анық. Оның қанат жайып қарқындауы тұтас елдің болашағына тікелей әсер ететіні белгілі. Осы ретте жыл сайын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде &laquo;Ғылым апталығы&raquo; ұйымдастырылады. Аталған шара биыл да жалғасын тапты.</p>

Жас ғалымдарға жаңаша мүмкіндік

Ұйымдастырушылар апталық­тың екі түрлі маңыздылығын алға тарта­ды. Біріншіден, университеттің ғылы­ми-зерттеу қызметінің жыл­дық қорытын­дысын шығару. Екін­шіден, ғылымға жас ғалымдар мен студенттерді, магистранттарды, док­торанттарды тарту, олардың ғы­лы­ми әлеуетін көтеру мақсатында түр­лі дөңгелек үстелдер, белгілі ғалым­дармен дәрістер, вебинарлар өткізу.

«Дәстүрлі түрде өтетін іс-шара биыл да ұйымдастырылып жатыр. Ап­та­лық аясында «Жастар және ғылым: бү­гіні мен болашағы» тақырыбында респуб­ликалық студенттер, магистранттар, док­торанттар мен жас ғалымдардың ғы­лыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференцияда жас ғалымдар «Strength of language», «Capacity of social science», «Information learning and STEM», «Efficiency of teaching», «Natural science», «Culture and ART» және «E-S Talks» бағыттары бойынша ғылыми жаңалықтары мен ізденістерін көпшілік назарына ұсынбақ. Сонымен қа­тар алқалы жиын шеңберінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ар­нал­ған І Халықаралық онлайн басқосу ұйымдастырылмақ», дейді ұйымдастырушылар.

Қазақ ұлттық қыздар педагоги­ка­­­лық университеті Филология инс­титу­тының директоры, профессор, фило­­логия ғылымдарының докторы Ты­ныш­тық Нұрдәулетқызы апталықтың ма­ңыз­ды­лығына тоқ­тала келе, универ­ситеттің ғылы­ми әлеуеті жыл сайын артып, ха­лықаралық байланыстар беки түс­­кенін жеткізді.

«Қазіргі таңда университетімізде ха­лықаралық басылымдардағы ғылыми жарияланымдар мен халықаралық ғылыми байланыстардың көбеюінен халықаралық ақпараттық ресурстар және т.б. қол­жетім­діліктің едәуір артқаны байқалады. Оның дәлелі, университет құрылғанда алғашқы ашылған факультеттердің бірегейі, қазіргі Филология институты кадрлық әлеуеті жағынан да, жыл­дық мониторинг нәтижесі бойын­ша да көш басында. Академиялық ұт­қыр­­­лық бағдарламасы бойынша инс­титутқа шетелдік білім алушылардың қы­зығушылығы бәсеңдеген емес, керісінше жыл сайын осы бағдарлама аясында шетелдік білімгерлер дәріс алады. Алдағы уақытта кафедралардың зор ғылыми әлеуетін халықаралық аренада танытуға байланысты бірқатар жобаны жүзеге асырмақпыз», деді Т.Нұрдәулетқызы.

Бөлісу:
Жас ғалымдарға жаңаша мүмкіндік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар