ШҚО-да пробация қызметкерлері вакцина салдырды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Шығыс Қазақстанда ШҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері арасында СОVID-19-ға қарсы ерікті вакцинация басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
ШҚО Зайсан аудандық пробация қызметкерлері КВИ-ға қарсы вакцина алды. Зайсан ауданы бойынша вакцинаны алғашқылардың бірі болып Зайсан аудандық пробация қызметінің қызметкерлері Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды.
«Ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана вирусты жеңіп, қалыпты тұрмыс-тіршілікке қайта оралатынымызға сенімiмiз мол. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз әрі тиімді жолы», деді аудандық ПҚБ бастығы әділет майоры Ермек Енсенов.