Әлем
1 мин оқу 150

Suzuki Үндістандағы үш фабрикасының жұмысын тоқтатты

<p style="text-align: justify;">Жапондық Suzuki автомобиль өндірушісі Үндістандағы үш зауытының жұмысын коронавирус инфекциясының таралуына байланысты тоқтата тұруға шешім қабылдады. Бұл туралы бейсенбіде Kyodo агенттігі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тиісті шешім Үндістан ауруханаларында қолданыла бастаған өндірістік оттегінің жетіспеуіне байланысты қабылданған.

Өткен тәулікте Үндістанда коронавирусты инфекцияның 360 960 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл тағы бір әлемдік анти-рекордқа айналды. 

Айта кетейік, Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігі сәрсенбіде елдегі эпидемия кезінде жұқтырғандардың саны 17 997 267-ге жетті деп мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Suzuki Үндістандағы үш фабрикасының жұмысын тоқтатты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар