Әлем
1 мин оқу 561
Екі ел шекарасында қақтығыстан 8 сарбаз қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Венесуэла мен Колумбияның шекарасында қақтығыстан 8 сарбаз қаза тапты. Әскерилер ел аумағына заңсыз өтпек болған қылмыстық топ мүшелерімен атысқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.</p>
Оқиға жайлы Венесуэланың Қорғаныс министрі жергілікті телеарна арқылы хабарлады. Қақтығыс 3 күнге созылған. Жарақат алған жауынгерлер де бар, бірақ олардың саны әлі белгісіз.
- Өкінішке қарай, ұландарымыз Отанымызды шекарадан заңсыз өткен колумбиялық қылмыстық топтардан қорғау жолында құрбан болды. Еліміздің аумағына басып кіруге ниетті қаскүнемдерге қарсы тұрамыз, - деді Венесуэланың қорғаныс министрі Владимир Падрино.
Бөлісу: