Әлем
2 мин оқу 460

Қытайдың жаңа ғарыш стансасы

<p style="text-align: justify;">Қытай ор&shy;битаға тұ&shy;рақ&shy;ты ғарыш стан&shy;са&shy;сы&shy;ның не&shy;гіз&shy;&shy;гі мо&shy;де&shy;лін қондырды. Экипаж мүше&shy;ле&shy;ріне арналған жатын орындары бар Tiangong Уенчан ғарыш айла&shy;ғы&shy;нан Long March-5B зымыранымен жі&shy;бе&shy;ріл&shy;ді.</p>

Қытайдың жаңа ғарыш стансасы

Осылайша Қытай 2022 жылға дейін ғарыш стансасының жұмысын бастауға ниетті. Бүгінгі күні орбитадағы жалғыз станса – Халықаралық ғарыш станса­сы. Ал Қытай ол қоғамдастықтан шет­те­тіл­ге­ні белгілі.

Жалпы, ғарышты игеру мәселесіне Қытай кештеу араласты. Алғашқы ға­рыш­керлерін 2003 жылы ғана жіберді. Сөй­тіп КСРО мен АҚШ-тан кейінгі ға­рыш­қа адам жіберген үшінші ел атанды.

 Қытай бұған дейін де 2 рет зымыран ұшырды. Tiangong-1 пен Tiangong-2 ғарышкерлер тек қысқа уақыт тоқтай алатын тест стансалар еді.

Жаңа ғарыш стансасының салмағы – 66 тонна. Tiangong стансасы сәтті орныққан жағдайда 10 жылға жуық қолданысқа жарайды-мыс. Негізгі бөлігі 16,6 метр болатын станса келген ғарыш­керлерге өмір сүруге қажетті техноло­гиялар мен қажет құрылғылармен қам­тыл­ған.

Бейжің осымен тоқтамай, алдағы уа­қытта тағы 10 станса жіберуге ниет­ті екенін хабарлады. Жақында ғана Халықаралық ғарыш стансасы жоба­сының тоқтайтыны мәлім болды. 2024 жылға қарай одақтағы Ресей, АҚШ, Канада, Жапония мен Еуропаның бір­қа­тар елі жеке-дара жұмыс істеуі мүмкін. Бұл Қытайдың өрісін аша түспек.

Қытайдың ғарышты игеруге шындап кіріскені елдегі үгіт-насихаттан белгілі. Бір жағынан мұны АҚШ-қа жауап деп түсінуге болатындай. Өйткені АҚШ Халықаралық ғарыш стансасынан шығарып жібергеннен кейін Қытай ғарыш индустриясын өздері жасауға көшті.

Tiangong стансасы шамамен келесі жылдың басында толық дайын болмақ. Оның бір ерекшелігі – бүгінде орбитада қондырылған стансадан жеңіл болуында.

Қытай ғарыш бағдарламасымен айналысатын Чен Лан бұл жобаның үлкен сынақ болғанын жасырмады. «Бұл – Қытай үшін үлкен әрі маңызды жоба», деді сарапшы.

Бөлісу:
Қытайдың жаңа ғарыш стансасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар