Әлем
1 мин оқу 323

Израильде діни мереке кезінде қайғылы оқиға болды

<p style="text-align: justify;">Израильдің солтүстігіндегі Мерон тауы аймағында ұйымдастырылған діни фестиваль кезінде қалың нөпірдің қыспағынан он адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &nbsp;lenta.ru сайтына сілтеме жасап.</p>

Кей ақпарат көздері мұндай оқиға трибунаның құлауынан болған деп хабар таратты. 100-ге жуық адам жарақат алды. Олардың кейбірінің жағдайы ауыр. Жаралылар Сафед, Нахария, Хайфа, Тиберия және Иерусалим ауруханаларына жатқызылды. 

Израиль медициналық қызметіне сілтеме жасаған «Франс Пресс» агенттігінің мәліметінше, оқиға кезінде 38 адам көз жұмып, 100-ден аса адам жарақат алған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.

Бөлісу:
Израильде діни мереке кезінде қайғылы оқиға болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар