Қоғам
1 мин оқу 733

«100 жаңа есім» жобасында үздік шыққандар

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;Қазақстанның 100 жаңа есімі&raquo; жобасының жеңімпаздарын құттықтап, олардың өз дарынымен көпшілікті мойындата білгенін, мемлекетімізді өркендетуге айрықша үлес қосып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында ортасынан оза шауып, ерен шыққандардың легі көп болды. Солардың қатарында «Қоғам» санатында Қазақстан Қарулы күштерінің тұңғыш әскери ұшқыш-истребителі Ардана Ботай ерекше көзге түсті. Себебі Ардана балауса шағынан бастап әскери ұшқыш болуды армандаған. Бүгінде ару қызымыз авиациялық эскадрильядағы жойғыштың аға ұшқышы болып қызмет атқарады. Сондай-ақ ол «Су-30СМ» жаңа буын жойғышымен әуеге көтеріліп, ұшып жүр.

Ал жобадағы «Ғылым мен инновация» санатында топ жарған жас инженер Санжар Тайжан Англияда жер-жаһанға әйгілі Jaguar және Mclaren сияқты алпауыт компаниялармен жұмыс істеді. Ол конкурсқа қатысқан 30 студенттен тұратын команданы құрып, миллиардер Илон Масктың Not-A-Boring Competition байқауының финалына өткен еді. Енді жас буын Илон Mask-тың компаниясында өміршеңдегін көрсетіп келе жатқан үш жобаны қолға алған.

Бөлісу:
«100 жаңа есім» жобасында үздік шыққандар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар