Аймақтар
1 мин оқу 826

Алматыдағы Орталық саябақ бір күнге жабылады

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы 1 мамырда жабық болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Саябақ санитарлық тазалық жүргізу үшін жабылып, зарарсыздандырылады.

«Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2021 жылдың 1 мамырында Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы санитарлық-дезинфекциялық тазалық үшін жабылатынын хабарлаймыз», делінген баспасөз хабарламасында.

Одан өзге, «Алматыэлектротранс» өкілі 1-2 мамырда қоғамдық көліктер саябаққа бармайтынын ескертті. Ведомства мәліметінше, 1 және 2 мамырда Гоголь көшесінің бойымен батыстан және шығыс бағытта Қалдаяқова көшесінен саябақ аялдамасына дейінгі троллейбус маршруттарының қозғалысы өзгертіледі.

25-маршрут Қалдаяқов көшесімен (солтүстік) – Жібек жолы (батыс) – Пушкин (оңтүстік) – Гоголь (шығыс) – Калдаяқов көшесі (оңтүстік) деп келіп, одан әрі әдеттегі маршрут бойында қатынайды. 1 және 12 маршруттар Гоголь (шығыс) – Қалдаяқов (солтүстік) – Жібек жолы (батыс) – Пушкин (оңтүстік) – Гоголь көшесімен (батыс) келіп, одан әрі маршрут бойымен жүреді.

Бөлісу:
Алматыдағы Орталық саябақ бір күнге жабылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар