Демалыс күндері елордада күн жылы болады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер Нұр-Сұлтанда мерекелік демалыс күндері ауа райы қандай болатын болжады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазгидрометке сілтеме жасап</p>
1 мамырда қалада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 1-3 градус, топырақ бетінде -1-3 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.
2 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 0-2 градус, топырақ бетінде -1-3 градус, күндіз 16-18 градус жылы болады.
3 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 20-22 градус жылы болады.