Коронавирус
1 мин оқу 260

Алматыда КВИ жұқтырған 84 бала ауруханада ем алып жатыр

<p style="text-align: justify;">Алматыда коронавирус жұқтырған 3570 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &nbsp;</p>

1 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 697 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 581, симптомсыз – 116 науқас тіркелді.«Инфекциялық стационарларда 3570 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 84 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 224 адам жатыр. Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 72 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5388 пациент бар. Оның ішінде 4780 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда 608 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Бөлісу:
Алматыда КВИ жұқтырған 84 бала ауруханада ем алып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар