Қоғам
1 мин оқу 293

Қазақстанға шетелден 4 мыңнан аса жолаушы келді

<p style="text-align: justify;">Өткен тәулікте ел аумағына Германия, Швейцария, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы,Грузия, Украина, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

1 мамырда елімізге 4 219 авиажолаушы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 22 рейс, 2 633 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 975 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 235 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 228 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.

Бөлісу:
Қазақстанға шетелден 4 мыңнан аса жолаушы келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар