Аймақтар
1 мин оқу 160

Алматы облысында жүк көлігі отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысы Есік қаласында 40 тонналы жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы Алтын адам көшесінде жүк көлігі өртенгені туралы хабар 2021 жылы 2 мамырда сағат 11.43-те түскен.

«Оқиға орнына келген кезде 40 тонналық HOWA жүк көлігінің салоны өртенгені анықталды. Өрттің шығуына қозғалтқыш бөлігінің техникалық ақауы себеп болған. Зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Бөлісу: