Қазақстанның бірнеше өңірінде күн суытады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірнеше облысында ауа температурасы төмендейді және құмды дауыл болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазгидрометке сілтеме жасап</p>
Синоптиктер еліміздің алты өңіріне ескерту жариялады.
3 мамырда Түркістан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде құмды дауыл күтіледі. Жел жылдамдығы 15-20м\\с болады. Сондай-ақ, Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел жылдамдығы 15-20 м\\с.
Павлодар облысының кей жерлерінде ауа температурасы төмендеп, үсік күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады.
Жамбыл облысында жел күшейіп, бұршақ аралас жаңбыр жауады, 4-5 мамырда тәулік бойы жел жылдамдығы 23-28м\\с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, кейбір бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.