Аймақтар
1 мин оқу 683

Оралда 8 бала әткеншектен жарақат алды

<p style="text-align: justify;">Орал қаласының Орталық мәдени демалыс саябағындағы балаларға арналған аттракциондардың бірінде оқыс жағдай болып, 8 бала түрлі дәрежеде жарақат алды. Олардың бәрі облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Оралда 8 бала әткеншектен жарақат алды

Оқыс оқиға 2 мамыр, жексенбі күні кешкі сағат 19:36-да болған. Куәгерлердің айтуынша, балаларды отырғызып, шыр көбелек айналдырып жатқан аттракциондардың бірі күтпеген жерден кілт тоқтап қалып, әткеншектер бір-бірімен соғылысқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 бала жарақат алған.

  1. 2014 жылы туған қыз баланың сол жақ тізесі жырылған;
  2. 2016 жылы туған ер баланың жабық бас-ми жарақаты, миы шайқалған;
  3. 2012 жылы туған ер баланың жабық бас-ми жарақаты, миы шайқалған;
  4. 2013 жылы туған ер баланың жабық бас-ми жарақаты, миы шайқалған;.
  5. 2011 жылы туған ер баланың жабық бас-ми жарақаты, миы шайқалған, сол жақ тізесін ысып кеткен;
  6. 2012 жылы туған қыз баланың жабық бас-ми жарақаты, миы шайқалған, қарақұсы ісіп кеткен;
  7. 2013 жылы туған қыз баланың жабық бас-ми жарақаты, миы шайқалған;
  8. 2012 жылы туған ер баланың жабық бас-ми жарақаты, миы шайқалған, қарақұсы ісіп кеткен;

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысы Сәуле Зағидуллинаның айтуынша, балалардың жарақаты ауыр емес. Қазір полиция болған оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Батыс Қазақстан

Бөлісу: