Аймақтар
1 мин оқу 230

Атырауда 3 тоннадан астам тірі балық құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Ғайсиннің мәліметінше, Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Атырау қаласына таяу орналасқан Бесікті ауылының маңындағы &laquo;Безымянное&raquo; жайылмалы көліне қарагөз балығы шыққан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Көлде су деңгейі төмен болған. Сол себептен, балық жағаға шығып, өле бастаған. Ал, балықты жинап алуға көптеген жергілікті тұрғындар келген.

«Осыған байланысты құрамына біздің инспекцияның, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалының, облыстық балық шаруашылығы басқармасының, сондай-ақ, экология департаментінің өкілдері кірген арнайы комиссия құрылды. Кеше, 2 мамырда жиналған 470 келі өлі балық жойылды. Ал, 3 тоннадан астам тірі балық құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді», деді Нұрлыбек Гайсин.

Балықты құтқару жұмысына 10 инспектор, жергілікті тұрғындардан 40-қа жуық адам, әкімшілік 3, инспекциядан 4 техника тартылған.

Бөлісу:
Атырауда 3 тоннадан астам тірі балық құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар