Үндістанда 300 мектеп вакциналау орталығына айналады
<p style="text-align: justify;">Үндістанда коронавирустан бір күнде қайтыс болғандар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.</p>
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімет бойынша, бір күн бұрын 3689 адам ажал құшқан. Осыған байланысты билік вакциналау науқанын жеделдетуге кірісті. Ел астанасы Нью-Делидегі мектептерде бірнеше екпе орталығы ашылды. Бұл орындарға негізінен 18-45 жас аралығындағы тұрғындар шақырылады. Билік өкілдерінің жоспары бойынша, кемінде 300 мектеп вакциналау орталығына айналмақ.
«Мүмкіндігінше вакцинаны тезірек салдырыңыздар. Бұл өте маңызды іс-шара. Ковидтің екінші толқыны үлкен қауіп төндіріп тұр. Барлық адамды екпе қабылдау арқылы індеттің таралуын бірге тоқтатуға шақырамын», деді екпе салдырған тұрғын Раджат Дайал.