Жаңалықтар
1 мин оқу 340

Қарағандыда жасөспірім қыз бірнеше көлікке зиян келтірді

<p style="text-align: justify;">Қарағандыда 17 жастағы қыз бірнеше көліктің үстіне шығып, майыстырып тастаған, деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жасөспірімнің әрекеті видеоға түсіп қалған, кейін кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Видеода жаяу жүргіншілер жолында жүгіріп жүрген жасөспірімдердің бірі көліктің үстіне шыққаны көрінеді. Көлік дабылы іске қосылғанда қыз көліктен түсіп, адамдардан қашуға тырысады. Көліктің бірнеше жері майысып, зиян келтірілген.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері 17 жастағы қызды ұстады. Сондай-ақ полицейлер сол күні күдіктінің тағы екі көлікті бүлдіргенін анықтады. ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», деді полиция өкілі.

Бөлісу:
Қарағандыда жасөспірім қыз бірнеше көлікке зиян келтірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар