Аймақтар
1 мин оқу 93

Алматыда бір тәулікте 3504 адам вакцина салдырды

<p style="text-align: justify;">Алматыда бір тәулікте 3504 адам коронавирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«3 мамыр күні 3504 алматылық вакцина салдырды. Сонымен қатар, 25 наурыздан бері 2 484 адам QazVac вакцинасын алды», деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 4 мамыр аралығында қалада барлығы 226 258 адамға екпе салынды. «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін 28 066 адам алды.

Бүгінгі күні қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Алматыда бір тәулікте 3504 адам вакцина салдырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар