Тағайындау
1 мин оқу 4,380

Дархан Қыдырәлі жаңа қызметке тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Дархан Қыдырәлі &laquo;Егемен Қазақстан&raquo; акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.

«Бүгін отандық ақпарат саласында тағы бір үлкен жаңалық болды. Еліміздің ең басты басылымдары – «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды. Оның Басқарма төрағасы лауазымына – елімізге белгілі зиялы азамат Дархан Қуандықұлы Қыдырәліні тағайындадым», деп жазды министр.

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі (16 сәуір 1974 жылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — тарих ғылымдарының докторы, академик (2017), Халықаралық түркі академиясының президенті (2014 жылдан).

 2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі.

2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.

2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.

2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті.

2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

Бөлісу: