Оқиға
1 мин оқу 172

Павлодарда әскерден қашып кеткен жігіттің аяғына ота жасалады

<p style="text-align: justify;">Мамандар жас жігіттің жағдайын тұрақты деп бағалады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Мұхамедкәрім Құлниязовқа ота жасау қажет.

- Оның диагнозы - сол  жақ асық сүйегінің жабық ұсақталған сынуы, омыртқаның қысылған сынуы, - дейді басқармада. -  Асық сүйегіне кейінірек операция жасалады. Науқастың жағдайы тұрақты. Қазір ол Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының политравма бөлімінде емделуде.

Еске сала кетейік, 2021 жылы 2 мамырда әскери міндетін өтеуге шақырылған Павлодар қаласының тұрғындары 23 жастағы Мұхамедкәрім Құлниязов пен 20 жастағы Рүстем Назымбеков облыстық әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп, рұқсатсыз кетіп қалған. Олардың бірі № 1 қалалық ауруханаға түсті.

Бөлісу:
Павлодарда әскерден қашып кеткен жігіттің аяғына ота жасалады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар