Шетелден келгендердің барлығында ПТР анықтамасы болған
<p style="text-align: justify;">4 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Оңтүстік Корея, Грузия, Мальдив Республикасы, Түркия, Украина, Армения, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Өткен тәулікте 3676 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 894 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 634 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 564 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 149 жолаушы;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 228 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 207 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.