Әлем
1 мин оқу 500

Анталияда Құм мүсіндер фестивалі өтеді

<p style="text-align: justify;">16-шы рет өткізіліп отырған фестивальге жергілікті және шетелдік мүсіншілердің туындылары қойылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Фестиваль Лара жағажайында өтеді. Іс-шара жыл сайын жергілікті және шетелдік қонақтардың назарын аударады. 

Өткен жылы фестивальде «Әлемнің ғажайыптары, мифология және теңіз аңыздары» атты құмнан жасалған мүсіндер ұсынылды. 

Биыл мүсіндерді салуға 10 мың тоннадан астам құм жұмсалады. 

«Әлемдегі көптеген мүсінге арналған іс-шаралардың тоқтатылғанына қарамастан, біз пандемияға қарсы тұру үшін қажетті шараларды қолдана отырып, биыл да өз қызметімізді жалғастырамыз», дейді фестивальді ұйымдастыру комитетінің басшысы Джем Караджа.

Бөлісу:
Анталияда Құм мүсіндер фестивалі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар