Аймақтар
1 мин оқу 3,370
Атыраулық азаматтан 30 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді
<p style="text-align: justify;">Атырау облысында 21 жастағы жігіт үйінде 30 келіге жуық бағалы бекіре балығын заңсыз сақтаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек «Бекіре-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.
«Исатай ауданының тұрғыны үйінде жалпы салмағы 29 келі 800 грамм болатын бекіре тұқымдас балық сақтаған. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде» деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Бөлісу: