Оқиға
1 мин оқу 370

Солтүстік Қазақстанда жол апатынан 2 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тауып, екеуі зардап шекті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 мамыр күні сағат 13.05-те Тайынша қаласында болған. «Октябрьдің 50 жылдығы» және Киевский тұйық көшесінің қиылысында міндеттелдіАudi» және «Мitsubishi» автокөліктері соқтығысып, салдарынан оқиға орнында «Audi» көлігінің 1987 жылы туған жолаушысы мерт болды. Қалған жарақаттанған үш жолаушыны жедел жәрдем көлігі Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасына жеткізді. Медициналық мекемеде «Audi» көлігінің екінші жолаушысы – 1992 жылы туған әйел қайтыс болды.

«Аталмыш дерек «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тиісті сараптамалар жүргізіледі», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда жол апатынан 2 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар