Әлем
1 мин оқу 464

Грузияда 26 жастағы қазақстандық белгісіз жағдайда көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Грузияда 26 жастағы қазақстандық белгісіз жағдайда көз жұмды. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Марқұмның есімі Әсел Айтпаева. Оның немере сіңлісі қыздың ажал құшар алдында құрбысына аудиожазба жіберіп үлгергенін айтты. Онда белгісіз ер адамның қоқан-лоққы көрсеткен даусы жазылып қалған.

Сіңлісінің айтуынша, Әсел Айтпаева Грузияға туысқанының шақыруы бойынша уақытша табыс табуға кеткен екен. Бірнеше күн бұрын байланысқа шықпай қалған. Соңғы аудиожазба 5 мамырда келген.

Бөлісу: