Аймақтар
1 мин оқу 200

Алматыда жолдан өтіп бара жатқан қызды автобус басып кетті

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында жолдан өтіп бара жатқан қызды автобус басып кетті. Оқыс оқиға 5 мамыр сағат 11:40 шамасында Науаи көшесі бойында болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Zhontong автобусының жүргізушісі Науаи көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жаяу жүргінші №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», деді Алматы қаласы ПД анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры Олжас Шәріпов.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Алматыда жолдан өтіп бара жатқан қызды автобус басып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар