Елорда
1 мин оқу 230

Елордада коронавирус жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елорданың денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлерімен кеңес өткізді. Кездесуде халықты жаппай вакциналау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды &nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кеңеске қатысушылар қазіргі эпидемиялық жағдайды, медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектердің, медициналық жабдықтардың болуын, сондай-ақ халықты КВИ-дан жаппай вакцинациялау жұмыстарын талқылады.

«Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті СОО-лардағы мобильді орталықта жүргізіліп жатқан жұмыстан хабардар етті. Екпе алғысы келетіндер қатары 1,5 есеге артты. Дәрігерлер науқастарды емдеу жолында басынан кешкен оқиғаларын әңгімеледі. Жақында КВИ-мен ауыр күйде түсіп, өкпесі 99% зақымданған жүкті науқас емделіп, №2 көпсалалы қалалық ауруханадан шығарылды, жүрек жетіспеушілігі және басқа да ауруы бар науқастар емделіп, бұрынғы өміріне қайта оралды. Жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды», деді Бақтияр Мәкен.

Қала әкімінің орынбасары COVID-19-ға қарсы күрес бойынша жұмысты жалғастыруды, тұрғындар арасында вакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргізуді, халықты вакцинацияға жазатын call-орталықтардың жұмысын күшейтуді, кадрлар мәселелерін бақылауға алуды, сондай-ақ медицина мекемелерінде дәрі-дәрмектің бар-жоғына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

Бөлісу:
Елордада коронавирус жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар