Оқиға
1 мин оқу 1,340

«Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет»

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік орталық музей&shy;де Жеңіс күніне орай ІІ дү&shy;ние&shy;жүзілік соғыс ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мақ&shy;сатында &laquo;Ерлікке тағзым &ndash; арда&shy;герлерге құрмет&raquo; қайы&shy;рым&shy;ды&shy;&shy;лық акциясы өтті.</p>

«Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет»

«Қайы­рымдылық акциясы ардагерлерге бүгінгі бейбіт күн үшін ал­ғыс пен ризашылық біл­дірудің бір мүмкіндігі», дейді ұй­­ым­дастырушылар. Музей қызметкерлері қайырымдылық шарасын «Ардагерлерімізді бірге құттықтаймыз!» бағытында жалғастырып, демеушілер ұсынған сыйлықтарды табыс ету үшін ардагерлердің үйіне барды. 

Қайырымдылық акциясына де­меушілік көрсеткендер қата­рында Алматы қаласындағы ҚХР Бас кон­сул­дығы, «Аламәт» продюсерлік ор­та­лығы, «Ми­рас» аналар қоғамдық бір­лес­тігі және  басқа да компания­лар бар.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
«Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар