Бар үмітіміз Алмат Кебісбаевта
<p style="text-align: justify;">Болгарияның астанасы – Софияда Олимпия ойындарының соңғы жолдамалары сарапқа салынуда. Бүгінгі жарыс күнін грек-рим күресі шеберлері қорытындылауда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өкіншіке қарай, 97 келіге дейінгі салмақта белдескен Олжас Сырлыбай алғашқы айналымда жапониялық Юта Нарамен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Сол секілді Әлімхан Сыздықовтың да жолы болмады. 130 кило салмақта күш сынасқан қандасымыз румыниялық Ален Алекук Чурарюға есе жіберді. Негізі бұл бәсеке 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Алайда соңғы ұпайды қарсыласы жасағандықтан жеңіс соның уысында кетті.
67 кило салмақта өнер көрсетіп жатқан Алмат Кебісбаев тұсаукесер кездесуінде Венесуэланың өкілі Энтони Хавьер Паленсия Пуентеспен 5:3 есебімен ұтты. Келесі кезеңде ол түркиялық Энес Башармен белдеседі.