Қазақстан
1 мин оқу 185

ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

<p style="text-align: justify;">9 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Грузия, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өткен тәулікте 4 013 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 380 жолаушы; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 193 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 145 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 159 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 136 жолаушы.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 9 мамырында Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Бөлісу:
ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар