Қоғам
1 мин оқу 250

Шуда сүңгүірдің денесі 35 күннен кейін ғана табылды

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысының Шу ауданында сүңгуір кәсіби міндетін орындау кезінде қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, бір ай бұрын жоғалған сүңгуірдің денесі бүгін табылып отыр.

«2021 жылдың 3 сәуірінде Шу ауданының Тасөткел су қоймасында 1997 жылы туған азаматшаны іздестіру кезінде қатты желден қайық аударылып, салдарынан Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Жұмағали Жеңісбекұлы Әбдірахманов іс-түссіз кеткен болатын. Іздестіру-құтқару жұмыстары 35 күн бойы жүргізілді», дейді ведомствоның ресми өкілі.

Бүгін сағат 12.20-да Шу ауданының Тасөткел ауылынан 3 шақырым жерде, Тасөткел су қоймасында Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы Жұмағали Әбдірахмановтың денесін тапты.

Ведомствоның мәліметінше, іздестіру жұмыстары басталғаннан бері барлығы 130-дан астам адам, кинологтар, 16 техника, 2 тікұшақ, 9 жүзу құралы жұмылдырылған.

Жұмағали Жеңісбекұлы Әбдірахманов азаматтық қорғаныс органдарында 2001 жылдың наурыз айынан бері қызмет атқарып келген. Үйленген, артында екі баласы қалды.

Бөлісу:
Шуда сүңгүірдің денесі 35 күннен кейін ғана табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар