Президент
1 мин оқу 404

Мемлекет басшысы Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айтты

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев Логар провинциясының Пули-Алам қаласында және ел астанасы Кабулда болған террористік шабуылдардың салдарынан көптеген адамның, әсіресе, бейкүнә балалардың қаза тапқаны туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабыл алды.

– Сіздің еліңіздің және бүкіл халықаралық қауымдастықтың осы жантүршігерлік қылмысты батыл айыптауына қосыламын. Қазақстан осындай қиын-қыстау сәтте ауған халқымен бірге екенін растайды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Сондай-ақ жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар