Оқиға
1 мин оқу 390

Елордада тұрғын үй паркингінен өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі жерасты тұрақта өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сағат 22.20-да Тәуелсіздік даңғылы бойындағы «Жанұя» ТК-де болғанын жеткізді.

«Жанұя»ТК паркингінде «Ларгус» маркалы автокөлік өртенді, сондай-ақ жақын маңда тұрған Toyota маркалы автомобильдің алдыңғы бампері ыстықтан зардап шекті. Өрт 22.36-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деді ТЖД өкілдері.

Бөлісу:
Елордада тұрғын үй паркингінен өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар