Оқиға
1 мин оқу 130

Жарылыс туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Степногор қаласында жарылыс қаупі туралы жалған хабар берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомствоның мәліметінше, 10 мамырда сағат 13:00-де Степногор қалалық ПБ кезекші бөліміне ұялы телефоннан ер адам хабарласып, 5-шағынауданда жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

Тексеріс барысында тәртіп сақшылары ешқандай бомбаны таппады.

«Жедел-іздестіру шарасы аясында полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол 2019 жылы да осындай қылмысы үшін жауапқа тартылған» деді ведомстводан.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Бөлісу: