Экология
1 мин оқу 224

БҚО-да заңсыз балық аулаған 241 адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Хабар 24&raquo; арнасына сілтеме жасап.</p>

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары құқық бұзушылардан 18 тонна балық тәркіледі. Оның 4 тоннасы – бекіре. 22 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып кетті. 200-ден астам адам әкімшілік жазаға тартылды. Қылмыскерлерге сомасы 10 миллион теңгені құраған айыппұлдар салынды. Мәселен, Атырау облысының бір тұрғынының өзі салмағы 1 тоннаға тең 250-ге жуық бекіре балығын аулап алған. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
БҚО-да заңсыз балық аулаған 241 адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар