Аймақтар
1 мин оқу 450
Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Иә, бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының ауданында қалалық ауқымдағы ТЖ жариялайды», деді Талғат Уәли журналистердің сауалына.
Ол сондай-ақ Риддерде өрт толығымен ауыздықталғанын хабарлады.
«Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр. Кешке қарай мамандар барлық жұмылдырылған күштің көмегімен өртті толығымен сөндіреді», деді министрліктің ресми өкілі.
Бөлісу: