Оқиға
1 мин оқу 170

Көкшетауда көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

<p style="text-align: justify;">Көкшетауда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомствоның мәліметінше, өрт мамырдың 11-і күні Көкшетау қаласындағы Буденный көшесі 60 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Өрт туралы хабарлама сағат 04:18-де түскен.

«Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Одан 30 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД жеке құрамынан 22 адам және 6 өрт сөндіру техника жұмылдырылды. Өрт сағат 04:40-та ауыздықталып, 04:48-де сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деді Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Бөлісу:
Көкшетауда көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар