СІМ: Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының бейбіт жолмен шешілуін қолдайды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Шығыс Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне және Палестина-Израиль қатынастарының шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қалыптасқан жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытып, жағдайдың одан әрі нашарлауына әкелетін қадамдардан бас тартуы қажет.
Әл-Ақса мешітінің кешені төңірегінде арандатушылық әрекеттерден аулақ болуға және статус-квоны құрметтеуге шақырамыз.
Саяси, діни және қоғамдық көшбасшылары қасиетті Рамазан айында шиеленісті азайту үшін бар күшін салады деп үміттенеміз.
Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының тек «Екі мемлекет» формуласы және Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті қарарлары негізінде бейбіт жолмен әділ шешілуін қолдайды», делінген мәлімдемеде.