ШҚО-да тағы 8 үй өртенді
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде бірнеше үйді қызыл жалын шарпыды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.</p>
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 11 мамыр күні сағат 16:48-де Жаңа Бұқтырма кентінде орналасқан демалыс базаларының бірінде шыққан өрт лезде 8 үйге, дәмхана шатыры мен моншаға жайылып кеткен.
- Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың жалпы ауданы 409 шаршы метрді құрап отыр. Мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Зардап шеккен ешкім жоқ, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта сол жерде жеке құрамнан 48 адам, 6 автоцистерна, жергілікті атқарушы органның 5 өкілі жұмыс істеуде.