Ауа райы
1 мин оқу 786

12 мамырға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 12 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, найзағай ойнайды, желдің күшейіп, дауыл соғады, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал», делінген хабарламада.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Атырау, Маңғыстау облыстарында найзағай болып, түнде Маңғыстау облысында жел 15- 20 м/с дейін күшейеді.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады.

Түркістан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, тауда найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді.

Бөлісу: