Оқиға
1 мин оқу 453

Солтүстік Қазақстанда екі айлық сәбидің өліміне қатысты тергеу басталды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысы Бәйтерек ауылында екі айлық сәбиің өлімі тіркелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 7 мамыр күні болған. Қызылжар аудандық полиция бөліміне таңғы сағат 8.05-те Бәйтерек ауылында 30 наурыз күні туған сәбидің қайтыс болғаны жайында хабар түскен.

Тәртіп сақшылары сәбиді қарау кезінде ешқандай дене жарақатын көрмеген. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Мамандар «Емшектегі сәбидің кенеттен болған өлімі» деп қорытынды шығарды. Қайтыс болған сәбидің 25 жастағы анасының айтуынша, 6 мамырдан 7 мамырға қараған түні ол таңғы сағат 5.00 шамасында оянып, баласын емізген. Кейін ұйықтатып, өзі де ұйықтауға жатқан. Таңертең сағат 7.30 шамасында оянған ол баласының демалмай жатқанын көрген. Туғандары бірден дәрігер шақырған.

Қазір аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, іс жан-жақты қаралып жатыр.

Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда екі айлық сәбидің өліміне қатысты тергеу басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар