Аймақтар
1 мин оқу 275

Атырауға «Hayat-Vax» вакцинасының 7 500 дозасы жеткізілді

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті, деп хабарлайды,&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Атырауға «Hayat-Vax» вакцинасының 7 500 дозасы жеткізілді

Басқарма басшысының айтуынша, 11 мамырда өңірдің бір тұрғыны «Hayat-Vax» вакцинасын салдырған.

«Біздің облыста тұрғындарды жаппай вакциналау жалғасып жатыр. Жақында аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінің «Sinopharm» компаниясы шығарған  «Hayat-Vax» вакцинасының 7 500 дозасы жеткізілді. Вакцинаның алғашқы 200 дозасы  «Медикер Жайық»  серіктестігіне жіберілді. Дозаның қалған бөлігі қоймада сақтаулы тұр. Оны вакциналау  бекеттеріне бөліп береміз», деді Асхан Байдуәлиев.

Бөлісу: