Оқиға
1 мин оқу 354
Құқығы жоқ болса да көлік басқарған
<p style="text-align: justify;">Қызылордалық полицейлер көлік жүргізу құқығы жоқ болса да көлік тізгіндеген ер адамды ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Арал ауданы көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатады. Көлік руліндегі азаматтың мас екендігі анықталды. Тіпті ол 2019 жылдың 16 қаңтарында көлік құралын жүргізу құқығынан 5 жылға айырылған екен
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылып, заңға бағынбаған жүргізуші аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу: