Экономика
1 мин оқу 175

Қанат Баеділов Қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды

<p style="text-align: justify;">Үкіметтің қаулысымен Қанат Ескендірұлы Баеділов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қанат Баеділов 1967 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Алматы облыстық қаржы басқармасының Алматы облысы бойынша Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-ревизоры болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған. 2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР қаржы вице-министрі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Қанат Баеділов Қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар