Технология
1 мин оқу 740

Картоп қабығынан – биопластик

<p style="text-align: justify;">Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Хадиша Сагенова мен Нұрай Қоспаева күнделікті тағамға пайдаланып жүрген картоптың қабығынан биопластик өндіретін жоба әзірледі. Жаңашылдыққа жаны құмар оқушылар бұл жобаны карантин кезіндегі 9 айда үй жағдайында жүзеге асырыпты.</p>

Картоп қабығынан – биопластик

Оқушылардың айтуына қа­рағанда, жобада қолда­нылатын ингредиенттің бәрі қауіпсіз деуге болады. Өйткені жоба ав­торлары тәжірибенің негізгі компоненті ретінде картоптың қабығын, дәлірек айтқанда, крахмалды алған.

– Биопластиктің құрамына әр үйден табылатын реагенттер мен өсімдіктердің қал­ды­ғы қолданылады. Біз бұл жо­бамыз арқылы қоршаған ортаға тасталатын қалдықты кә­деге асы­руды ойластырдық. Осы­лайша, ауа сапасын жақ­сартуға арналған БҰҰ-ның тұрақты даму саласын қолдауды көз­дедік, – дейді жоба авторлары Хадиша мен Нұрай.

Енді оқушылар биоплас­тиктің құрамын жетілдіре түс­пек. Мақсат – шикізатты қай­та өңдеу арқылы қоршаған ортаға келетін залалды азайту. Бұл үшін жаңа өнімге полипропилен мен полиэтилен қалдығын қосу көзделіп отыр.

Атырау облысы

Бөлісу:
Картоп қабығынан – биопластик · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар