Тарих
1 мин оқу 460

Сұркөжектің соңғы мәресі

<p style="text-align: justify;">Шет ауданының ор&shy;талығы Ақсу-Аю&shy;лы кентіндегі архео&shy;ло&shy;гия&shy;лық-этно&shy;графиялық музейде ерекше жәдігер сақ&shy;таулы тұр. Мұ&shy;ра&shy;жайға келушілер аталған экспонаттың жа&shy;нына міндетті түр&shy;де аялдап, қатты қы&shy;зы&shy;ғушылық танытады.</p>

Сұркөжектің соңғы мәресі

Музейдің төріне қо­йылған бұл жәдігер – заманында бәйгенің алдын бермеген ерен жүйрік Сұр­көжек деген аттың бас сү­йегі. Осы аудандағы Тал­ды ауылының тумасы Жұ­мажан Жахметжанов деген кісіге тиесілі тұлпар жа­сы жиырмаға келгенше ала­манға шауып жүріпті. Бұрынғы Жезқазған облысы бойынша ол озбаған бәйге кемде-кем болған екен.

Жергілікті ақын Марат Шәйкенің «Сұр­кө­жек» атты поэмасында мынадай жолдар бар:

Атағын Сұркөжектің ел білетін,

Бәйгенің алдын бермей кеп жүретін.

Қуандық, Қаракесек, қалың Найман

Ат тумас енді мұндай деп жүретін.

Бұдан бөлек, текті тұл­пардың тарихын зерттеуші ақын, филолог, тарихшы Құдай­берлі Мырзабек те «Сұр­көжек» атты деректі дастан жазып қалдырған.

Сұркөжек аттың басын музейге иесі 2018 жылы тапсырыпты.

Қарағанды облысы,

Шет ауданы

Бөлісу:
Сұркөжектің соңғы мәресі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар